Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат 18-қабаттан құлап қаза тапты

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат 18-қабаттан құлап қаза тапты

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат 18-қабаттан құлап мерт болды деп хабарлайды Kznews.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті Nocutnews басылымының хабарлауынша, ер адам Кимхэ қаласындағы тұрғын үйдің төбесіне сырлау жұмыстарын жүргізу үшін қорғаныш жолағын орнатып жатқанда абайсызда суағарды басып, артынша құлап кеткен.

Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 08.25 шамасында (Астана уақытымен 11.25) болған.

«Оқиға орнынан дереу ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, ауыр жарақат алған 47 жастағы ер адамға медицина қызметкерлері көмек көрсете алмады», - делінген хабарламада.

Қаза тапқан азамат заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін, сондықтан өндірістегі жазатайым оқиғаларды реттейтін заң оның жұмыс берушісіне қолданылмайды.

фото: evgeny-shtefan.com
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары