ОСК тіркеді: "Әділет" партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“21 жасымнан көкейімде жүрген мәселе бар”: Тамара Асар депутаттыққа үміткерлігі туралы сөз етті

“21 жасымнан көкейімде жүрген мәселе бар”: Тамара Асар депутаттыққа үміткерлігі туралы сөз етті
Коллаж: Sadaq.kz

Қазақстанның халық әртісі, әнші Тамара Асар Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі саясатқа келудегі басты мақсаты халықтың өзекті мәселелерін көтеріп, қоғамдағы түйткілдердің шешілуіне үлес қосу екенін айтты.

Тамара Асардың пікірінше, елге қызмет ету үшін адамның мамандығынан бұрын оның саяси сауаты, білімі мен халықтың мұң-мұқтажын түсіне білу қабілеті маңызды.

«Ең бастысы – адамның саяси сауаты жоғары болуы керек. Жоғары білімі болуы қажет. Халықтың жағдайын түсініп, елдің мүддесін қорғай алса, оның қандай мамандық иесі екені шешуші рөл атқармайды», – деді әнші.

Ол осы уақытқа дейін өнермен қатар білімге де ерекше көңіл бөлгенін айтып, депутаттықты атақ немесе мансап үшін емес, көп жылдан бері көкейінде жүрген мәселелерді көтерудің мүмкіндігі ретінде көретінін жеткізді.

«Жарты ғасырға жуық өмірімнің басым бөлігі оқумен өтті. Сахнамен қатар білімімді де жетілдіріп келемін. Депутат болған адам шен немесе атақ қумауы керек. Менің 21 жасымнан бері ішімде жүрген, әлі күнге дейін шешілмеген мәселелер бар. Соларды көтеріп, нәтижесіне жеткім келеді», – деді Тамара Асар Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.