Қоғам

2026 жылдан бастап Қазақстанда VIP автонөмірлердің бағасы өсті

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
2026 жылдан бастап Қазақстанда VIP автонөмірлердің бағасы өсті
Интернет дереккөзі

Қазақстанда 2026 жылдан бастап сұранысы жоғары, яғни VIP автонөмірлер қымбаттады. Бағаның өсуі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 4 325 теңгеге дейін ұлғаюымен байланысты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға жоғары, деп хабарлайды kznews.kz.

Сұранысы жоғары мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерінің құны АЕК мөлшеріне тікелей тәуелді. 2026 жылы АЕК-тің өсуіне байланысты VIP-нөмірлердің бағасы да автоматты түрде қымбаттаған.

Қазіргі таңда танымал комбинациялары бар ең қолжетімді VIP-нөмірлердің бағасы 246,5 мың теңгеден басталады.

Ал әріптері бірдей нұсқалар шамамен екі есе қымбат.

111, 222, 333, 999 сынды цифрлық комбинациялары бар нөмірлер 592,5 мың теңгеге, ал осы комбинациялардың әріптері де бірдей нұсқалары 839 мың теңгеге дейін жеткен.

Бағасы ең жоғары нөмірлер қатарында дәстүрлі түрде 001–009 және 777 комбинациялары сақталып отыр. Бұл нөмірлер автокөлік иелері арасында әлі де ерекше сұранысқа ие.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz