Балалар сабаққа келмесе де, ақша төлене ме? Астанада Face ID жүйесі төңірегінде дау туды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен директордың әйелінің ісі қаралып жатыр

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен директордың әйелінің ісі қаралып жатыр

Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, оқиғаға қатысқан әйел мектеп директорының жұбайы болуы мүмкін. Сондай-ақ осы жағдайға байланысты полицияға арыз түскені айтылып жатыр.

Ақтаудағы Tulpar School жекеменшік лицейінде болған жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда әйелдің еден жуушының су толы шелегін теуіп жібергені көрінеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Маңғыстау облысының білім басқармасы оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Комиссия екі тараптың да түсініктемесін тыңдап, жағдайға құқықтық әрі ұйымдастырушылық тұрғыдан баға береді. Тексеру нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылданбақ.

Ал облыстық полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, Tulpar School – Ақтаудың 31Б шағынауданында орналасқан жекеменшік лицей. Оқу орнында 5–11-сынып оқушылары білім алады. Мектепте қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін оқытуға басымдық берілген. Сондай-ақ оқушыларды БИЛ, НЗМ және ҰБТ-ға дайындау қарастырылған. Ұл балаларға арналған жатақханасы да бар.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.