Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев денсаулығына байланысты Атырау қаласындағы кардиологиялық орталыққа түсті. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Режиссер Instagram желісінде жариялаған жазбасында қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында екенін жеткізген. Алайда ауруханаға түсуінің нақты себебін әзірге ашып айтпады.
"Қазір мен Атырау қаласындағы кардио орталықта жатырмын. Себебін кейінірек айтармын. Ең бастысы – жақын арада бұл центрден шығып, «Қан мен серт» фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!" – деп жазды Ақан Сатаев.
Өнер иесі денсаулығы сыр бергеніне қарамастан, жақын күндері шығармашылық жұмысына қайта кірісуге үміттенетінін білдірген.