KZNews.kz
Спорт

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

KZNEWS

Бүгін – Жаңару күні. Бұл күні еліміз бойынша ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

20 наурызда Наурыз мейрамын тойлау аясында елордадағы «Арғымақ» ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптары жоспарланған.

«Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді», – делінген хабарламада.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырды.

Ұлттық спорт түрлері – еліміздің бренді. Қазақ халқы ежелден барлық мерекелерде жарыс ұйымдастырған.

Ұлттық спорт түрлеріне мыналар жатады:

KZNEWS
Автордың басқа материалдары