Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қан ізі бар балта қайдан шықты?": Сәрсемәлиев сотында күтпеген тың дерек айтылды

"Қан ізі бар балта қайдан шықты?": Сәрсемәлиев сотында күтпеген тың дерек айтылды
kznews.kz коллажы

Журналист Жанат Молдашова Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесінде айтылған тың дерекке назар аударды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында атышулы іске қатысты көпшілікке бұрын белгісіз болған жайтты жазды. Журналистің айтуынша, үй иелерінің мәйіті табылған сарайдан қан ізі бар балта табылғаны өткен сот отырысында айтылған.

Алайда бұл дерек сотта толық ашылмаған. Молдашованың сөзінше, бұған дейін аталған балта туралы еш жерде айтылмаған.

"Үй иелерінің мәйіті табылған сарайдан қанның ізі бар балта табылған. Өткен сот процесінде айтылды. Бірақ толық ашылмады. Ол балта туралы бұған дейін айтылмады. Ол қайдан шықты? Кімнің қаны?" – деп жазды журналист.

Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің көкейінде жаңа сұрақтар тудырды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер