KZNews.kz
Мәдениет

“149 мың теңгеге қойылған” - Маркетплейстерде Назарбаевтың фотоальбомы сатылып жатыр

Айжан Сыланова
Фото: “Тіл кеспек жоқ” телеграм арнасы

«Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның тұңғыш президенті» атты фотоальбомның авторы — Нұртай Әбіқаев. 1997 жылы шыққан бұл басылымға 149 мың теңге баға қойылған. Сондай-ақ, оны бөліп төлеу мүмкіндігі де бар — айына 12 мың теңгеден.

Кітап авторы — Назарбаевтың ең жақын серіктерінің бірі, бұрын Президент әкімшілігінің, ҰҚК-нің басшысы және экс-президенттің бірінші көмекшісі қызметтерін атқарған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →