Жұманғаринге әйелінің табысы туралы сұрақ жақпай қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"12 миллион теңге кетті": Қазыбек Құрайыш түсірілім кезінде қиындыққа тап болды

"12 миллион теңге кетті": Қазыбек Құрайыш түсірілім кезінде қиындыққа тап болды

Танымал әнші Қазыбек Құрайыш клип түсіремін деп қиындыққа тап болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің түсірген клипі жарамсыз болып қалған. 

“12 млн тг кетті. Мәселе ақшада да емес, біраз еңбек пен 2 ай уақыт сарп еттік. Соңында материалдың жартысын күйіп, клиптың сюжетін толық жоғалтып алдық. Ең керек моменттері кадрда жоқ", – деп жазды Қазыбек әлеуметтік желіде.

Әнші басты рөлді сомдаған актерлер мен командасына алғыс айтып, жағдайды сабырмен қабылдағанын жеткізді.

"Өз басым жүректен жіберіп тастадым. Әніміз 24 қазанда барлық платформаларда жарық көреді. Бірақ клипсіз бе, әлде сол күйі салып жіберейін бе?" – деп оқырмандарынан кеңес сұрады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.