life пен кайф: сақтандыру нарығы банк секторын басып оза ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"1 миллион теңге": Баян Алагөзова Қыз Жібекке үлкен сый жасайтын болды (ВИДЕО)

"1 миллион теңге": Баян Алагөзова Қыз Жібекке үлкен сый жасайтын болды (ВИДЕО)
Tizgin.kz коллажы

Продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильміндегі әйгілі қамзолға қатысты тағы да пікір білдірді. Бұл туралы Tizgin.kz хабарлады.

Өнер иесінің айтуынша, көп талқыланған бұл қамзол өзіне сыйлық ретінде берілген. Дегенмен оның алдағы тағдыры қоғам мен тиісті мемлекеттік органдардың шешіміне байланысты болмақ.

"Қазір бұл бұйым менде. Уақыт өте келе оны музейге тапсырамын. Бірақ әзірге сақтап, қажет кезде қолданамын. Өзімді осы туындымен және Меруерт Өтекешова сомдаған бейнемен байланысты сезінемін", – деді ол.

Сондай-ақ продюсер белгілі актрисаға алғысын білдіріп, оны қазақ өнеріндегі ерекше тұлға ретінде атап өтті. Оның айтуынша, Меруерт Өтекешова – қазақ қызының мәңгілік символы.

Баян Алагөзова келесі жылы өтетін «Қазақ аруы» жобасына актрисаны арнайы шақыру жоспары бар екенін де айтты. Сонымен қатар ол өнер иесіне қамқорлық ретінде өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Продюсер бұл бастамасын жария түрде айтуының себебін де түсіндірді. Оның сөзінше, көптеген дарынды әртістер уақыт өте келе ұмыт қалып жатады. Осыған байланысты ол меценаттарды ұлттық мәдениетке үлес қосқан тұлғаларды қолдауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова Instagram желісінде аты аңызға айналған қамзолды көрсетіп, оның өзіне сый ретінде берілгенін хабарлаған еді. Аталған қызғылт қамзолды Қыз Жібек фильмінде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешова киген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер