2019 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

0

Жаңа зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 2018 жылы әлемдік жылынудан мыңдаған адам қаза болып, көлемді шығындар да болған. Бұл туралы Christian Aid ұйымы биылғы жылдағы 10 ірі табиғи апатқа жасалған зерттеу қорытындысы арқылы орта салды. Ұйымның айтуынша, бұл табиғи апаттардың орынын толтыру үшін әр қайсысына 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қаражат кетеді.

Зерттеушілердің айтуынша, Еуропа мен Жапония елдеріндегі ыстық ауарайы рекордтық деңгейге жеткен. Олар әлемдік жылыну мен табиғи апаттардың байланысын зерттеу үстінде. Дегенмен, аптап ыстықтар, орман өрттерінің көбеюі, құрғақшылық секілді апаттардың дәлелдеусіз-ақ климаттың жылынуына тікелей қатысты екенін ескертеді.

«Әлемдік жылыну болашақтың проблемасы деп ойлайтындар бар. Бірақ, климат жылынуының зардабы біз ойлағаннан да ауыр. Қазірдің өзінде климаттың өзгерісінен миллиондаған адамдар зардап шегіп отыр» – деді зерттеу тобының мүшесі Кат Крамер.

Ғалымдардың айтуынша Жер климатының жылынуына ең алдымен адамзаттың қимыл-әрекеті себеп болса, екіншіден, Тынық мұхитының экваторға жақын бөлектерінде Эль-Ниньо деп аталатын құбылыстың да ықпалы зор.

Метеорология ұйымы 1850 жылдан бері ауа температурасын естелікке алып келеді. Ұйымның айтуынша 2016 жыл әлемдегі ең ыстық жыл болған. Бірақ, Эль-Ниньо құбылысының ықпалында алдағы 2019 жылы температура рекордтық деңгейге жетеді деп болжанған.

“The Qazaq Times”