Қазақстанда бірден 138 адамның инфекция жұқтырғаны хабарланды
Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың саны 5 417 адамға жетті, оның 1118-і Нұр-Сұлтан қаласында, 1628-і Алматы қаласында
АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 138 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
«Нұр-Сұлтан қаласында 15, Батыс Қазақстан облысында 11, Жамбыл облысында 6, Қарағанды облысында 3, Түркістан облысында 4, Атырау облысында 92, Шығыс Қазақстан облысында 1, Алматы қаласында 6 адамнан коронавирус анықталды», — делінген ақпаратта.
Осылайша, Қазақстанда науқастардың саны 5 417 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 1118,
- Алматы қаласы – 1628,
- Шымкент қаласы – 245,
- Ақмола облысы – 110,
- Ақтөбе облысы – 176,
- Алматы облысы – 183,
- Атырау облысы – 432,
- Шығыс Қазақстан облысы – 52,
- Жамбыл облысы – 198,
- Батыс Қазақстан облысы – 266,
- Қарағанды облысы – 200,
- Қостанай облысы – 68,
- Қызылорда облысы – 231,
- Маңғыстау облысы – 130,
- Павлодар облысы – 154,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 36,
- Түркістан облысы – 190.
Соңғы мәлімет бойынша індеттен 32 адам қайтыс болды, 2 223 адам жазылып шықты.
sputniknews.kz