Ақтауда полицияның ер адамдарды жаппай ұстағаны видео түсіп қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтауда полицейлердің ер адамдарды жаппай ұстағаны түсіріліген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 12 мамыр күні 5-ші шағын ауданда сағат 20:30 шамасында болған. Ақтау тұрғындары ұялы телефон камерасына полиция көліктерінің көп жиналған сәтін түсіріп алған.

Бейнежазбада тәртіп сақшылары ер адамдарды подъезден шығарып, оларды полиция көлігіне отырғызғаны көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары 15-ке жуық адамды ұстады.

Дегенмен, оқиға әлі де егжей-тегжейлі анықталып жатыр.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлауынша, 12 мамыр күні Ақтау полиция басқармасының «102» кезекші пультіне 5-ші шағын ауданда 4-ші үйдің жанында жас адамдар тобы (10-нан астам адам) жиналғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы шақыруға Ақтау қаласы ІІБ патрульдік полиция батальоны шықты.

«Оқиға орнында анықталған адамдарды анықтау үшін Ақтау полиция басқармасына жеткізді. Облыс тұрғындарына үш адамнан артық топта жиналуға тыйым салынғанын еске саламыз», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

 

stan.kz