Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың саны 24-ке жетті — Қазақстан жаңалықтары

Алматыда тағы бір адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Науқас — 1945 жылы туған азамат.
Қазақстанда індеттен барлығы 24 адам қайтыс болды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 3
Алматы қаласы – 8
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы – 1
Қостанай облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Түркістан облысы – 1.
Еске салайық бұған дейін Нұр-Сұлтанда Ресей азаматы коронавирустан көз жұмғаны жайлы айтылған еді.
stan.kz