Алматыда коронавирус жұқтырған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

0

Алматы қаласының полициясы азаматтардың короновирус инфекциясын анықтау бойынша қалалық қызметтерге көмектесіп, қабылданған шараларға түсіністікпен қарауын сұрады

АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Алматыда әйел коронавирус жұқтырғаннан кейін кімдермен араласқанын жасырып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.

«Азамат санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, ауру жұқтырғаннан кейін қарым-қатынаста болған азаматтардың мәліметін беруден мақсатты түрде бас тартып отыр», — делінген ақпаратта.

Оған қатысты қылмыстық кодекстің 304-бабы (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша іс қозғалды.

Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы болып жатқан жағдайды ескере отырып, азаматтарды короновирус инфекциясын анықтау бойынша қалалық қызметтерге көмек көрсетуге, сондай-ақ алдын алу шаралары бойынша барынша көмектесіп, қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

Коронавирус Қазақстанға жетті

Қазақстанда жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 8 адамға жетті. Оның алтауы – Алматыда, екеуі –  Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Тағы бір қазақстандық Германияда емделіп жатыр.

Тақырып бойынша оқыңыз: Тоқаев телеарна арқылы үндеу жасайды

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір айға төтенше жағдай режимін енгізіп, үкіметке тапсырма берді. Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр және көрмелердің жұмысы уақытша тоқтатылды.



sputniknews.kz