Қырғызстанда балмұздақ тиелген фургон 29 оқушыны қағып кетті (видео)

0

Қырғызстанда балмұздақ фургоны ашық аспан астында «Манас» эпосын орындап жүрген 29 оқушыны қағып кетті. Жеті адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның үшеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktusбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Апат салдарынан 9 бен 16 жас аралығындағы 29 орта мектеп оқушысы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жеті бала Жалал-Абад облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, үшеуінің жағдайы ауыр.

Облыстық полиция департаменті бұл дерек тіркеліп, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.  Хабарлауынша,  төтенше жағдай кезінде жүргізуші көлікте болмаған. Сондықтан балалармен соқтығысуы алдын ала абайсызда жасалған қылмыс ретінде бағаланатынын атап өтті. Жүргізуші жүк көлігін тоқтатқанымен, көлік тежегіштен тайып, таудың баурайымен төмен қарай жүріп кеткен.

Қазір ауруханада 18 бала мен жасөспірім жатыр.11 адам оқиға орнында тексеріліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.