Аты аңызға айналған хоккейші Третьяк Тоқаевқа есімі жазылған футболка сыйлады

0

2024 жылғы 2 мамырда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады.

Аты аңызға айналған хоккейші Қазақстан Президентіне өзі жазған атаулы футболканы сыйға тартқаны белгілі болды:

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлына! Сізге әрқашан және барлық жерде жеңістер тілеймін!»

Ақорда  сыйлықтың суреттерімен бөлісті.

Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды.

Фото: akorda.kz