Home Жаңалықтар «Хайп жасамасақ да, ол артымыздан қуып жүреді». Айқын жұбайына үй алып беремін деп...

«Хайп жасамасақ да, ол артымыздан қуып жүреді». Айқын жұбайына үй алып беремін деп уәде еткен – Қазақстан жаңалықтары

0
47

Әнші Айқын Төлепберген фильм түсіріп, басты рөлді жұбайы Жұлдыз Өмірғали сомдаған. Сондай-ақ, фильмнен түскен гонорарға әйеліне пәтер алып беремін деп уәде еткен. Бұл туралы жұлдызды жұп «Ел аузында» бaғдарламасында айтқан.

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің қызы ауруханаға түсіп қалды

«Сыйлығын көрсетіп қойған. 8 наурызға және туған күнге бір сыйлық жасайды. 10 наурыз – менің туған күнім»,-дейді Жұлдыз Өмірғали.

Айқынның Жұлдызға ең басты сыйлығын жақында бүкіл ел көре алады.

«9 сәуірде прокатқа шығамыз. Коронавирусқа қатысты бұқаралық шараларға шектеу қоймаса, осы мерзімде шығамыз. Шектеулер болған жағдайда жазға қаламыз, әзірге белгісіз. Фильмге Төреғали Төреәлі мен Мадина Оспанды шақырдық», – дейді Айқын.

Әншінің айтуынша, өздері хайп жасамаса да, соңғы уақыттары хайп олардың артынан қуып жүреді.

«Өз басым еңбектің адамымын, еңбекпен, жұмыспен «хайп» істеу керек. Қолдан хайп жасағанша, әніміз хайп болсын»,- дейді ол.

Айқын фильм сәтті шықса, гонорарына жұбайына үй алып беремін деп уәде еткен.

«Біздің кино күшті кино, кішкентай баладан, үлкендерге дейін көре алады. Американдық стильде емес, қазақи стильде түсірдік, артық кеткен жоқпыз»,- дейді әнші.

stan.kz