Алматыда коронавирус жұқтырған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды – Қазақстан жаңалықтары

0
55

Алматыда коронавирус жұқтырған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйел санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп және онымен байланысқан азаматтар жайлы мәлімет беруден әдейі бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция басқармасына сілтеме беріп.

вирус

«Б. есімді азаматша санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйелге ҚР ҚК 304-бабы «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды»,- делінді ақпаратта.

Егер әйел кінәлі деп танылса, оған 4000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы, дәл сол мөлшердегі түзету жұмыстары, 1000 сағатқа дейін қоғамдық қызметке тартылу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен бас бостандығын шектеу немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін немесе үш жылға дейін белгілі бір кәсіппен айналысуға шектеу қойылады.

Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын короновирустық инфекцияны анықтау және алдын-алуға бағытталған қызметтердің жұмысына барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларды түсіністікпен қарауға шақырады.

stan.kz