ақша айырбастау пункттері қандай баға белгіледі
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттері валютаны қаншадан сатып, қаншаға сатып алып жатқаны туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. 12 наурыздағы мәлімет бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы 394,6 теңге болды. Қазақстанның айырбастау пункттерінде бір доллар 395-397 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында долларды 396-397,5 теңгеге сатып алуға болады, еуро 447-450 теңгеге түседі. Ал Ресей рублі 5,65-5,75 теңгеден сатылуда.
Алматыда доллар 395,5-397 теңгеге, еуро 445-450 теңгеге, Ресей рублі 5,4-5,75 теңгеге сатылып жатыр.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 395-396,5 теңгеге, еуро 445-450 теңгеге, Ресей рублі 5,5-5,7 теңгеге саудалануда.
Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді
11 наурызда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) саудада теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 394,75 теңге болды.
Айта кетейік, валюта бағамы күн ішінде өзгеруі мүмкін, айырбастау пункттерінде ақша қаражаты бар-жоғын телефон арқылы нақтылау керек.
Қазақстандағы айырбастау пункттері жұмысының ережесі
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап валюта айырбастау пунктеріне қатысты талап күшейді. Енді олар таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Алайда теміржол вокзалы, казино, аэровокзал, әуежайда, сондай-ақ, шекарадағы автокөлік өткізу бекеттерінің аумағында тәулік бойы ақша айырбастауға болады. Ірі сауда орталықтарында ақша айырбастау пунктері кешкі 22:00-ге дейін ашық тұрады.
Сонымен қатар, 500 мың теңгеден (1323 доллар) асатын валютаны айырбастау кезінде жеке басты куәландыратын құжат ұсынып, заңды мекен-жайды айту қажет. Егер ақша сомасы 500 мың теңгеден аспаса, онда клиент тек жеке куәлігін көрсетеді.
sputniknews.kz