Саяси белсенді Болат Атабаев ауыр халде ауруханаға жеткізілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Елдегі саяси жағдайларға қатысты сын пікір айтып жүрген, Жаңаөзен оқиғасынан соң бірнеше ай қамауда да болған режиссер Болат Атабаев Германияның Мюнхен қаласында ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

атабаев

Оның қарындасы Дана Атабаева 1 апта бұрын ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған режиссерге 2 ота жасалғанын, қазір жан сақтау бөлімінде жатқанын айтты.

Болат Атабаев Мұхтар Әбләзовтің сот шешімімен тыйым салынған Қазақстанның демократиялық таңдауы ұйымын қолдаушылардың бірі. Дегенмен, сыртқы істер министрінің орынбасары саяси көзқарасына қарамастан, режиссерге көмек қажет болған жағдайда жәрдемдесуге әзір екендіктерін мәлімдеді.

«Қолымыздағы бар нәрсені аямаймыз. Біздің Қазақстан азаматтарының бәрінде Конституцияға сәйкес, ешкімге, ешқандай дескриминацияға түспеуге кепілі бар. Сондықтан, мұндай жағдайда ол кісінің саяси көзқарастары ескерілмейді», — деді СІМ басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев.

stan.kz