Зұлым «Қара жұма»: жаппай сатылымдар сатып алушылардың қалталарын қалай қағады

0
30

Дүкендер жаппай сатылым жайлы хабарласа болғаны, сатып алушылар балға қонған арадай үйіле қалады. Статистикаға сәйкес, күздің соңында өтетін «Қара жұма» кезінде әр сатып алушы орта есеппен 3-4 тауар сатып алады. Бірақ, бұл не: клиенттердің қаражатына қамқорлық жасау ма, әлде дүкен сөресінде жатып қалған тауарды тезірек сатып жіберу ниеті ме? Жаппай сатылымдардың айла-шарғылары жайлы Zanimaem.kz порталының сарапшылары айтып берді. Бұл сайт сізге шағын несиені онлайн табуға көмектеседі

1 баға бойынша 2

Сатып алынған тауарға қосымша екінші тауар, шын мәнінде, дүкен сатып алушыға сыйлайтын тегін нәрсе. Іс жүзінде:

  • дүкен өтпейтін (мысалы, кішкентай немесе өте үлкен өлшемді, стандартты емес түсті немесе пішілген киімдер), мүмкін, жарамдылық мерзімі таяуға жақын қалған немесе аздаған ақауы бар тауарды сатады;
  • сатушы ұтылмайды – «сыйлықтың» бағасы қандай да бір жолмен сатып алынған негізгі заттың құнына енгізіледі.

Мұндай тәсіл арқылы сатушы сатып алушыны шектейді — ол екінші нәрсені сатып алушының талғамына қарай таңдауға мүмкіндік бермейді, әдетте оны өзі анықтайды. Супермаркеттерде скотчпен жапсырылған тауарларды, мысалы, душқа арналған гель мен дезодорантты байқадыңыз ба?

90%-ға дейінгі жеңілдіктер

Дүкендер маусымдық жаппай сатылымдар өткізген кезде жеңілдіктер керемет мөлшерге жетуі мүмкін – 60-70, кейде тіпті 90%! Сатушының мұндай жомарттығының себебін өтімділігі төмен тауарларды сатқысы келетіндігінен іздеу керек, ешкім шығынға батпайды және заттарды сатып алу құнынан төмен сатпайды.

Әдетте мұндай үлкен сандар тек алдамшы әрекет болып табылады, өйткені сатып алу кезінде әртүрлі нюанстар пайда болуы мүмкін:

  • көптеген тауарларға жеңілдік 10-15%-ды ғана құрайды немесе мүлдем болмайды, тек кейбір тауар бірліктеріне ғана 90%-ға дейін жеңілдік болады;
  • жарнама орасан жеңілдікке уәде береді, бірақ дүкенге барған кезде науқандық тауардың аяқталғандығы белгілі болады, бірақ сатып алушы дүкенге (немесе интернет-дүкеннің сайтына) «тартылды».

Шын мәнінде, әдетте, керемет екі таңбалы жеңілдіктер орнатылған заттар өлшемі, түсі бойынша көп адамға сәйкес келмейді, сапасы төмен және әртүрлі ақаулары болады. Сатушының есебі дүкенге кіріп, науқан бойынша өзі үшін қолайлы тауарды таппаған адам басқа нәрсені толық құнына сатып алуына тіреледі.

Дүкеннің жабылуына/ашылуына орай жаппай сатылым

Егер дүкен жаңадан ашылса, онда жеңілдіктер шынымен «адал» болуы мүмкін. Мұндай науқандардың мақсаты – жаңадан сатып алушыларды тарту. Бұл тек жарнамалық қадам екенін есте ұстаған жөн, бірақ бұл өте тиімді – бұрын-соңды болмаған жаппай сатылымның екінші күнінде бағалар екі есе көтерілсе де, алғашқы кездесуге қанағаттанған сатып алушылар өздері келіп қана қоймай, достары мен таныстарын ертіп келеді.

Дүкен жабылған кездегі жағдай біршама ерекшеленеді – егер дүкен жаңа орынға көшпей, бірақ өз қызметін тоқтатса, онда тауардан құтылу керек. Бірақ олар оны бәрібір өзіндік құнынан төмен бағамен сатпайды. Алайда, сатып алушы үшін бұл үйдегі гардеробын немесе техникалық жабдықтарын жаңартудың тиімді әдісі болуы мүмкін.

Сатып алуға сыйлықтар

«Жаппай сатылым дәуірі» қалыптасуының басында «Біздің салоннан автокөлік сатып алып, ваннаға арналған кілемшені сыйлыққа ал» деген сияқты мүлдем ессіз жарнамаларды кездестіруге болатын еді. Мұнда сатып алу құны мен сыйлық бағасының мөлшерлестігі мүлдем маңызды емес. Ең бастысы, сатып алушының санасында құны тиын тұрса да «тегін нәрсе аламын» деген ой нығаюы керек.

Сатушының пайдасы айқын – ол ештеңе жұмсамайды, бірақ қымбат өнімді сатады. Сонымен қатар, ол дүкенге қайтадан оралып, достарын әкелуге дайын адал сатып алушыға ие болады.

Көтерме бағамен арзанырақ

Тауарларды көтерме бағамен сатып алуға жеңілдіктер – бұл сатушылардың сүйікті әдістерінің бірі, тіпті клиенттерде жағымсыз толқулар тудыруы мүмкін. Көтерме бағамен арзан түседі деген ой көптеген адамдарда түпсана деңгейінде қалыптасқан. Мүмкіндігінше көбірек тауарды, кейде тіпті тез бұзылатын тауарды сатып алудың орнына, математикалық есептеулер жүргізген дұрыс.

Мұндай сатып алулардан кейін, сатып алу құнын ондағы позициялардың санына бөлсек, сатып алушы ештеңе үнемдемегендігі жиі белгілі болады. Немесе үнемдеген, бірақ өте аз. Сонымен қатар, көбіне үйге келгенде сатып алынған шайдың дәмсіз, киімнің мөлшері мүлдем басқа екендігі, ал себеттен алынған кейбір азық-түліктің жарамдылық мерзімі аяқталғандығы белгілі болады, олардың бір бөлігін сіздің отбасыңыз жеп үлгермейді де, тастауға мәжбүр болады.

VIP-клиенттер үшін

Арнайы жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар – премиалды клиенттер үшін. Олар жайлы бір-біріне сыбырлап айтады, телефонға алдын-ала ескертулер қояды. Мұндай іс-шараларға қатысу сатып алушының мәртебесін көрсетеді, ал дүкендерге, мысалы, өткен маусымдағы киімдерді ерекше жеңілдіктерсіз және клиенттік базаны кеңейте отырып сатуға мүмкіндік береді.

VIP жаппай сатылымдар намысқа «қысым жасайды» — әр адамға әрбір дүкенде өзін жақсы сезінуге, өз мәртебесін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұны маркетологтар мәртебелі клиенттер үшін жабық сатылымдар туралы жариялап, өз пайдасына асырады.