«Жәннатта әр еркекке 70 хор қыз беріледі»: Дәстүрлі әнші уахабистерді сынады

0

Бұл енді пейіштің хор қыздарына жеңгетайлық жасап дүниелік пайда табу. Мұндай əлсіз хадистерді радикалды уаххабилер елді жыныстық жихад пен жалған жихадқа шақыру үшін пайдаланады.

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева діннің атын жамылып, ойына келген дүниені айта беретіндерді сынап тағы бір пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің жазуынша, діннің атын жамылғандардың шектен шыққаны соншалықты, қасиетті Құранда баяндалған дүниелерді өз қалауларынша тәпсірлеуге көшкен. Солардың бірі Хор қыздарына қатысты мәселе.

«Жаннатта нәпсі жоқ дейтін, бұлар хор қызына елітіп, еркекті ырықсыз шаба беретін, нәпсісіне ие болмаған жануарларға теңестіруін қойса екен. Хор қызы қызметшілері болса да, қызметші мен әйел деген екі мағына еді. Жұмақты гарем қылуды, вахабист-салафит қатындар, қойсаңдаршы! Хор қызына мастанып отырған адам «әйелің келді» дегенде мыжырайған кемпірін елестетсе, хор қызынан да сұлу болып екінші рет ғашық болады деп молдадан естігенбіз.

Дін  – иман үшін нәпсіңмен күрес болса, сендер нәпсінің құлдарын құлшындыратын, жалғасы жұмақта продолжается деген уағыздарыңды қойсаңдаршы!», – деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Хор қыздары құранда бар екені анық, бірақ Пейіштің хор қыздары жұрт айтып жүргендей бөлек жаратылыс емес.

«Жәннатта әр еркекке 70 хор қыз беріледі деген сөздің негізі жоқ. Бұл жөнінде сахих хадистер келмеген. Имам Бухаридың сахих жинағындағы Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте «әрбір жәннат иесіне екі хор қызы беріледі» делінген. Неші жыл бұрын әлеуметтік желіде Абдулахад Сманов есімді азаматтың «хор қыздары» туралы айтқан уағызы бар Жұмаққа әйелімен кірген әр еркекке 4900 хор қызы беріледі» деп елді дүрліктірген еді енді Смановтын Медресесінің шыққан шәкірттері әр еркекке 70 хор қызы беріледі депті.

Бұл енді Пейіштің хор қыздарына жеңгетайлық жасап дүниелік пайда табу.

Мұндай əлсіз Хадистерді радикалды уаххабилер елді жыныстық жихад пен жалған жихадқа шақыру үшін пайдаланады», – деп атап өткен жазба авторы.