Ирандағы жағдайға байланысты Қазақстаннан Таяу Шығысқа бағытталған бірнеше рейс елге қайтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның ішінде Алматыдан Мединаға ұшқан ұшақ та бар. Бұл бағытты көп жағдайда қажылыққа немесе умраға бағыт алған жолаушылар пайдаланады.
Жалпы, Air Astana мен FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі рейстер бағыттарын өзгертті. Олардың қатарында мыналар бар:
KC263 Алматы — Медина
KC897 Алматы — Дубай
KC653 Алматы — Доха
KC205 және KC207 Астана — Дубай
Сонымен қатар бірқатар рейстер бағытын өзгертті. KC899 Алматы — Дубай рейсі Дели қаласына бағытталды. FlyArystan әуе компаниясының FS7617 Ақтау — Дубай рейсі қосалқы әуежайға қонды.
Air Astana әуе компаниясының 28 ақпанға жоспарланған Таяу Шығыс бағытындағы өзге рейстері толықтай тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, Америка Құрама Штаттары мен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады.