Щучинсктегі жарылыс: қаза тапқандарға 2 млн, зардап шеккендерге 1 млн теңге жәрдемақы беріледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайда жүргізуші қыз баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Қостанайда жүргізуші қыз баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде 13 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция оны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz "Алау"-ға сілтеме жасап.

Қостанайда 26 ақпан күні кешке жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде 13 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушыға дене көгеруі диагнозы қойылған. Травматологтар қарап шыққаннан кейін оған амбулаториялық ем қабылдау және тұрғылықты жері бойынша емханада бақылауда болу жөнінде ұсыныстар берілген.

– Жаяу жүргіншілер өткелінде бейтаныс автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан жасырынған. Аталған көлікті анықтау үшін жедел-іздестіру тобы құрылды. Қазіргі уақытта белгілі бір деректер бар, – деді Қостанай полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Сахратов.

Құқық қорғау органдары көлікті іздестіруді жалғастырып, жүргізушінің жеке басын анықтап жатыр.

Полицияның дерегінше, жыл басынан бері Қостанайда жаяу адамдарды қағудың 16 дерегі тіркелген. Оның тоғызы қаңтар айында, жетеуі ақпанда болған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.