"Умраға ниеттенген жолаушылар мінген ұшақ елге кері қайтты" – Иран жерінде жойқын жарылыстар басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп Иранға қарсы ірі әскери операцияны бастағанын айтты

Трамп Иранға қарсы ірі әскери операцияны бастағанын айтты
modern.az

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған видеода айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақ үй басшысы операция Иранның ядролық және зымыран бағдарламаларына бағытталғанын жеткізді. Трамп Тегеран ешқашан ядролық қаруға қол жеткізбейтінін ерекше атап өтті.

"Біраз уақыт бұрын АҚШ қарулы күштері Иран аумағында ірі әскери операцияларды бастады. Біздің мақсатымыз – Иран режимі тарапынан туындаған тікелей қауіптерді жою арқылы америкалық халықты қорғау. Бұл режимнің әрекеттері АҚШ-қа, біздің әскери күштерімізге, шетелдегі базаларымызға және бүкіл әлемдегі одақтастарымызға нақты қауіп төндіреді", – деді Трамп.

Reuters агенттігінің мәліметінше, америкалық шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ Иран нысандарына әуеден және теңізден соққы жасап жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер