Жанболат Мамай: әкімдікке митингі туралы ескертетін ресми хат жібергенбіз

0
72

Митинг өтіп жатқан Уәлиханов алаңынан  Ғылым академиясына дейін интернет толығымен жоғалып кетті, одан кейін бір қосылып, бір өшуде, деп хабарлайды ORDA.

12.00 – Алаңда жүздеген адам жиналған. Интернет тіпті VPN арқылы да жұмыс істемейді. Қызықтап қарап жүргендер де баршылық.

12.15 – полиция сегіз адамды ұстады. Жанболат Мамай егер ұсталғандар босатылмаса, олар «мерш» ұйымдастыратынын айтты. Оның қашан және қай жерде болатындығын  нақтыламады. Оның айтуынша, билік адамдардың жиналуына жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Оқиға ортасында жүрген Orda.kz. тілшілері интернеттің жоқтығына қарамастан сұхбат алып үлгерді.

ҚДТ митингісі дәл осы күні және осы уақытта елордада, Алматыда, Шымкентте, Ақтөбеде және Ақтөбе облысының бірқатар облыс орталықтарында жоспарланған болатын.

Мамайдың өзі митингті Демократиялық партия мен YouTube-тегі «Бәсе» арнасы өткізіп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол әкімдікке митингі туралы ескертетін ресми хат жібергендерін атап өтті.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету