Алматыда митинг: Қазақстан жеріне Қытай зауыттарын кіргізбейміз!

0
99

Қазіргі уақытта полицияның кедергісіне қарамастан жиналғандар саны арта түсті. Жиналғандар саны түстен кейін 300 жуықтап, халыққа белгілі белсенділер де келе бастады.  Митингке жиналдар арасында Балташ Тұрсынбаев, Гүлжан Ерғалиева, Ермұрат Бапи, Рысбек Сәрсенбайұлы бар, деп хабарлайды ORDA. 

— Мен өзім жеке қасымдағы адамдардың барлығын алып келем. Тәкаппарлыққа бой алдырмай, барлығыңыз қатысыңыздар. Отанды қорғау, мемлекетті қорғау барлығымыздың борышымыз, – деді Жанболат Мамай.

Одан кейін ол сөзді белгілі қоғам қайраткері «Ел мен жер» қозғалысының төрағасы Балташ Тұрсынбаевқа берді.

— Құрметті қазақ халқы, құрметті қазақстандықтар! Бүгін жиналып, жігерленіп, ұлтқа жандарың ашып, минингке келгендеріңе рахмет айтамын. Егер билікке мінездеме берсек: бұл билік – сатқын, бұл билік – жемқор, бұл билік – ұры! Осы үш сөз жетеді!, – деді Балташ Тұрсынбаев.

Сонымен қатар Балташ Тұрсынбаев елімізде Қытай зауыттарын салуға қарсылығын білдірді. Олар алып келсе, бізге жаңасын бермейді, 70-ші жылғы ескірген технологияларын әкеледі, 27 млрд емес, әрі кетсе, 2-3 млд тұратын зауыт әкеледі. Егер біз өзімізді ұлт деп санасақ, алаңға апта сайын шығып, билікке осы жан айқайымызды жеткізуіміз керек дегенді алға тартты белсенді.