Жамбыл облысындағы ауылда атыс болды
Жамбыл облысындағы ауылда ер адамдар арасындағы жанжал күтпеген жерден қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз адамдар фазендаға келіп, ағасына оқ атқаны туралы хабар келіп түскен.
«Оқиға орнына келгеннен кейін фазенда иесі мен үш жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындағаны анықталды, оның барысында ер адамдардың бірі тіркелген тегіс ұңғылы мылтықтан жайылым иесіне қарай оқ атқан”, — деп түсіндірді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметов.
Оның сөзінше, жарақаттанған ер адам оларды көлігімен қуған. Сосын жол апатына ұшыраған. Соқтығысу кезінде екінші көліктің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы жарақат алған.
Ведомство жараланған ер адам Меркі ауданы Меркі ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылғанын атап өтті.
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов қазіргі уақытта полицейлер қақтығыстың барлық қатысушыларын ұстағанын, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
“Қажетті сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы анықталуда”, — деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.