Жамбыл атындағы Мемфилармонияның солисті Әшім Ұнайбеков қайтыс болды

0

12 ақпанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Әшім Ұнайбеков қайтыс болды.

Оның қайтыс болғаны туралы филармонияның Facebook парақшасында хабарлады.

Өмір кез-келген сәтте аяқталуы мүмкін… 2021 жылы 12 ақпанда біз Қазақ мемлекеттік филармониясының әртісі, солисінен айрылдық… Филармония әртістің қайтыс болуына қатты қайғырады және оның отбасы мен достарына көңіл айтады. Біз Әшімді жарқын, ақылды, әдепті және талантты адам ретінде еске аламыз, делінген хабарламада.

Әшім Ұнайбеков музыканттар отбасында туып-өскен. Оның атасы — көрнекті композитор, КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Сыдық Мұхамеджанов, оның ата-анасы да музыкант.