"Соғыс шебінен жеті адам шығарылды": Мейірман Шекеев қуанышты жаңалық жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жалақысы 1,2 миллион теңге”: Еңбек министрі өзін кедейлік деңгейін анықтайтын жүйеден өткізді

“Жалақысы 1,2 миллион теңге”: Еңбек министрі өзін кедейлік деңгейін анықтайтын жүйеден өткізді
Фото: ашық дереккөз

Министрдің айтуынша, оның ай сайынғы жалақысы 1,2 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар отбасының меншігінде екі пәтер мен ескі шетелдік автокөлік бар. Төрт баласының екеуі жұмыс істейді, олардың жиынтық табысы шамамен 1 миллион теңгеге жетеді.

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баспасөз мәслихатында отбасының табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді енгізіп, әл-ауқат деңгейін анықтайтын жүйені сынап көрді. Нәтижесінде оның отбасы В санатына жатқызылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Отбасының табысы мен мүлкі туралы ақпарат жүйеге енгізілгеннен кейін, ол В санатына жатқызылған. Бұл санатқа енуіне байланысты 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап министрдің отбасы көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы ала алмайтыны хабарланды.

Сондай-ақ Еңбек министрлігі отбасының шығынын есептеу сервисін Отбасының цифрлық картасына желтоқсанға дейін толық қосуды жоспарлап отыр. Ведомство мәліметінше, азаматтардың әл-ауқатын бағалау кезінде несие жүктемесі де ескеріледі.

Жаңа жүйе отбасының кірісі мен шығысын, мүлкін және өзге де қаржылық көрсеткіштерін ескере отырып, әлеуметтік жағдайын анықтауға бағытталған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.