"Соғыс шебінен жеті адам шығарылды": Мейірман Шекеев қуанышты жаңалық жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Санжар Боқаев пен оның бейнеоператорына қатысты сот процесі басталды

Санжар Боқаев пен оның бейнеоператорына қатысты сот процесі басталды
Фото: ашық дереккөздерден

Айыптау тарапы оларды аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа байланысты қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деп есептейді.

Қазақстанда қоғам белсендісі Санжар Боқаев пен оның бейнеоператоры Ұлан Нүсіпқожаға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды kznews.kz

Ұсынылған мәліметке сәйкес, сот отырысына Санжар Бокаевты қолдаушылар да келген. Олардың арасында түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен белсенділер болғаны айтылады.

Тергеу нұсқасы бойынша, Санжар Боқаев құрылыс нысандарынан мүлік ұрлау әрекеттерін ұйымдастырып, қаржыландырған болуы мүмкін. Айыптау тарапының пайымдауынша, кейін осы оқиғалар бейнематериалға түсіріліп, өзге тұлғалардың заңсыз әрекеті ретінде көпшілікке ұсынылған.

Тергеу органдары бұл әрекеттердің алдын ала ұйымдастырылған болуы мүмкін екенін қарастырып жатыр. Атап айтқанда, құрылыс нысандарынан мүліктің әкетілуі мен кейін жарияланған бейнежазбалардың арасындағы ықтимал байланыс зерттелгені хабарланды.

Сонымен қатар іс материалдарында қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және оны кейін АҚШ аумағындағы бизнеске инвестициялау ықтималдығы туралы да айтылған.

Айыптау тарапы Санжар Бокаевтың аталған қаржылық операцияларда негізгі рөл атқаруы мүмкін деген нұсқаны ұстанады.

- Дегенмен бұл мәліметтердің барлығы әзірге тергеу мен айыптау тарапының ұстанымы ретінде қарастырылуы тиіс. Олардың қаншалықты дәлелді екеніне сот барысында құқықтық баға беріледі, - делінген құзырлы органдар таратқан ақпаратта.

Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталғанға дейін олар кінәсіз деп есептеледі.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.