"Соғыс шебінен жеті адам шығарылды": Мейірман Шекеев қуанышты жаңалық жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ырбың-ырбың етіп не отырыс?”: Өзбек әншісінің алдында билеген Мадина Сәдуақасова сынның астында қалды

“Ырбың-ырбың етіп не отырыс?”: Өзбек әншісінің алдында билеген Мадина Сәдуақасова сынның астында қалды
Фото: sn.kz

Желіде тараған бейнежазбаға қатысты оқырмандар түрлі пікір білдірген. Әсіресе әншінің ер адамдардың алдында билегенін сынағандар көпшілік назарына ілікті.

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың биі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Өнер иесінің билеген сәті түсірілген видеоны Атхамбек Юлдашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған, деп хабарлайды kznews.kz.

«Эх, Мадиночка, өзбек салтында ер азаматтардың алдында тұштаңдап билеу бейәдеп, жеңіл жүрісті әйелдер болып есептеледі. Сенің мына отырысыңнан Атхамбектің өзі ұялып отыр», – деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман әншінің биіне таңданысын жасырмаған.

«Мәдина өзі көрді ме екен мына видеосын? Ужас!», – деп пікір қалдырған ол.

Сондай-ақ кейбір желі қолданушылары өнер иесінің әрекетін ұлттық тәрбие мен әдеп тұрғысынан сынға алған.

«Мынау не отырыс? Ырбың-ырбың етіп, қазақтың қызына жарасымды дүние емес, қандай жағдай болса да», – деп жазған тағы бір оқырман.

Осылайша, Атхамбек Юлдашев жариялаған бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып, әншінің биіне қатысты сын-пікірлерге себеп болды.

Әзірге Мәдина Сәдуақасова аталған пікірлерге қатысты көпшілік алдында жауап берген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.