Заманбек Нұрқаділов тірі болғанда президент болар еді — Қоғам қайраткері

0

Бұл пікірді қоғам қайраткері, ақын Жұмаш КЕНЕБАЙДЫҢ «Жаңа Алаш» Youtube каналына берген сұхбатында айтты.

Естеріңізге салайық, биыл саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің дүниеден өткеніне он бес жыл болды.

Оқи отырыңыз: «Жаным енді төзерсің, тағдырдың басқа салғанын»: Заманбектің Мақпалға жазған хаты жұртты жылатты

«Қазіргі саяси жүйенің салтанат құрғанына отыз жыл болады екен. Осы жылдар ішінде қазақ зиялылары, биліктегі шенеуніктер құл болып біткен. Өйткені жоғарыға қарайды. “Жап аузыңды” десе, жабады. Құлдық психологиямен өскен ұлтта кім шындықты айта алады дейсіз. Зәкең оппозицияға кеткенде қасында болған, қарамағында істегендер сәлем бермейтін болды. Шеттерінен қашты. Мен оны өз көзіммен көрдім. Бұның бәрі құлдық психология. Бәрі құл болып қалған. Құл басқарған мемлекетте жағдайдың қандай болатынын өзің білесің ғой. Бір жағынан бұған саяси жүйе кінәлі. 1991 жылдан бері ешнәрсе өзгерген жоқ қой» деді Ж.Кененбай.