«Жаным енді төзерсің, тағдырдың басқа салғанын»: Заманбектің Мақпалға жазған хаты жұртты жылатты

1
5546

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің аманат хатын көрсетті. Нұрқаділов 15 жыл бұрын өлең хат жазып қалдырған. Қазақтың біртуар азаматы жарына деген ыстық махаббаты мен аманатын өлеңмен жеткізген екен.

Байқамаппын салмағын,

Өмір зілін, жалғанын.

Махаббат бар деп өзіңмен,

От боп лаулап жанғанмын.

Жаным енді төзерсің

Тағдыр басқа салғанын.

Жақсы басар жаманды,

Алла айтар талғамын.

Жаратқан ием қолдаса,

Күшейтер саған қорғанын.

Жау жеңіліп, сен жеңіп,

Үзерсің шынжыр торларын.

Әсем ән әлі құлпыртар

Жарық айдың толғанын.

Елің көрер ертең-ақ

Мерей сендей болғанын.

Сендерге қидым қайшымен

Ғұмырымның қалғанын.

Өнерді мәңгі алғасын,

Алла берсін жалғасын.

Өлең хат 2005 жылдың 26 тамызында жазылған. Марқұм азамат сөз соңында қолтаңбасын қалдырған. Заманбек Нұрқаділов дәл осы жылдың қарашасында мәңгі баққиға аттанып кете барды.

«Ертең Зәкемнің қайтқан күні. 15 жыл болыпты. Мәңгілік жадымыздасыз, топырағыңыз торқа болсын. Хатты Зәкең өз қолымен жазып қалдырған еді. Өзінің қолтаңбасы», – деп жазды халық әртісі.

«Сауатты, білімді ер адамның жазуы», «Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Әкем әлі аузынан тастамай айтып отырады! Қазақта мың жылда бір туатын азамат деп осы кісіні айтады», «Жаны жәнатта болсын», «Қоштасқандай болған екен», «Не деген көрегенділік,жаны жәннәтта болсын!», «Бір куанарлығы ,қазақ қызынан ,таза қазақ қызы Мерей қалды артында», «Қандай керемет жазған өлеңі де, почеркіде әдемі. Дүниеден өтерін білгендей жазған екен. Марқұмның о дүниедегі үйі жарық болсын!», деп жазды желідегі оқырман.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

1 Пікір

  1. Заманбек Нұрқаділов тірі болғанда президент болар еді - Қоғам қайраткері - ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

    […] «Жаным енді төзерсің, тағдырдың басқа салғанын»: Заман… […]

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз