Дариға Назарбаева енді әйел құқығын қорғаумен айналыспақ

0
1262
Advertisement

«Қазақстандағы әйел күші альянсының» қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға бұл кеңестің төрағасы, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ атындағы қордың директоры Дариға НАЗАРБАЕВА қатысты.

Бұл туралы Malim.kz сайты жазды.

Бүгін ғана «Назарбаевтың қызы мен жиені Лондондағы Шерлок Холмс үйінің иелері болып шықты» деген тақырыппен жазба жариялаған болатынбыз.

Сенаттан кеткелі көп көрінбей кеткен Дариға НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ Альянстың 2021-2023 жылдарға арналған жол қартасын талқылады. Бұл бағдарламада әйелдер өмірін жақсарту жағы қарастырылған. Альянс әкімдіктермен бірігіп әйелдер мен балалар құқығын қорғау бойынша, кейбір заңнамаларға өзгертулер үшін, тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін жұмыстар атқармақ.

Дариға Назарбаева «Қазақстандағы әйел күші альянсы» кеңесінің атқарған жұмысына оң бағасын беріп, әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының бірігуінің маңыздылығын атап өтті.

«Әйелдер мен балаларды қорғап, оларға әлеуметтік және психологиялық көмек беруге мемлекеттік саясаттың бір бөлігі. Әрбір әйелге сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру маңызды. Ол үшін оларға психологиялық, әлеуметтік көмек және білім беру қажет», – деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз