Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

0
2216

Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Жарлық мәтіні online.zakon.kz порталында жарияланған.

2022 жылдың 19 қаңтарындағы құжатқа сәйкес, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құруды қаулы еткен. Сондықтан осымен байланысты өзгерістер мен толықтыруларды бекіту қажет.

Үкіметке осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.