«Думан өлді»: инстаграм неге шулап жатыр?

0
656

Көпшілік «5:32» сериалындағы детектив Думанның 8-серияда маньяктың қолынан қаза тапқанына шулап жатыр, деп жазады kznews.kz сайты «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

90-жылдардағы Қазақстанда өзекті тақырыпқа айналған маньяктар туралы «5:32» веб-сериалы жарық көрген болатын. Көпшіліктің көңілінен шыққан туындының әр бөлімін жұрт асыға күтеді. Ғаламторсыз аптадан соң тағатсыздана күткен сериалдың 8-бөлімі халықты қуантпады. Себеп, халықтың сүйікті персонажына айналған Думан есімді полицей қызметкері маньяктың қолынан қаза табады. Оның рөлін актер Қобыланды Болат сомдаған болатын. Ол өзінің инста парақшасында пост жариялады.

«Осы уақытқа дейін, менімен болған тұрақты да сүйікті көрермендеріме алғысым шексіз…

Әрі қарай өмір жалғасады,одан кейінгі бөлімдерді күтейік, қызық әлі алда!» — деп жазды ол.

Қалың көпшіліктің көзайымына айналған рөл иесін ендігі бөлімдерде көре алмайтынын ұққан халық: «Мен өкіріп жыладым», «Неге өліп қалдың бауырым?», «Думан, шедевр үшін рақмет! Ең үздік рөл!», «Өтірікші, өлмеймін дегеніңіз қайда?»,  «Мен жыладым ғой» деген пікір айтуда.