«Ұлттық байлықты халыққа тең бөлеміз». Шенеуніктерке ес кірейін деген бе?

0

Президенттің сын-ескертпесі «Самұрық-Қазынаның» жұмыс істеу тәсілін де өзгертіп жіберді, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Қор басшысы Алмасадам Сатқалиев те халық алдында ашық есеп беруге бекінгендей.

Оған қоса, «бизнеске кедергі келтірмейміз, жемқорлықты да атымен жоямыз» деп ант су ішуде.

Қызметіне жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр болған ол аяқасты: «Ұлттық байлықты қазақстандықтарға теңдей бөлу керек» деген ойын ашық білдірді.