Тараздық жігіт «Қазақ хандығы» монументі алдында темір тұлпарымен трюк жасады – видео

0
147

Бірақ жүргізушінің бұл шеберлігі полиция қызметкерлерінің көңілінен шықпады

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі алдында BMW жүргізушісі көлікті шыр көбелек айналдырып, трюк жасады, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті баспасөз қызметі.

«Биыл 22 наурызда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі жанында BMW-530 жүргізушісі көлікті шыр көбелек айналдырып, трюк жасап, жол жабынына зиян келтірді», – деп полиция мәлімет берді.

Тәртіп сақшылары тоқтатпақ болғанда даңғой жүргізуші құлақ аспай, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан.

Полицейлер тәртіп бұзушының соңынан қууға мәжбүр болды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша хаттама толтырылды.



sputniknews.kz