Шекарадан шетел валютасын шығаруға салынған тыйым қалай реттеледі?

0
58
Фото Inbusiness.kz сайтынан алынды

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетел валютасын шекарадан шығаруға салынған тыйым қалай реттелетінін айтты, — деп хабарлайды KZNEWS.KZ  жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Ұлттық валютаның айналысы, реттелуі және эмиссиясын енгізу мәселесі Ұлттық банк құзырында. 10 мың долларға дейін шектеу болады. Бізде ЕАЭО аясында кеден жоқ, сондықтан кеден органдары бұл жерге араласпайды.

Бірақ оны қадағалайтын шекара қызметі бар. Бұл жерде құзырлы органдар жұмыс істеуі керек екені анық және әрине Ұлттық банк араласуы керек», — деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» жарлыққа қол қойған болатын. Оған сәйкес, шетел валютасы мен алтынды шекарадан шығаруға тыйым салынады.