Үкімет экономиканың жай-күйі туралы есеп берді

0

Үкімет қаңтар және ақпан айларындағы экономиканың жай-күйі туралы есеп берді,- деп хабарлайды KZNEWS.KZ сайты.

Соңғы екі айда экономиканың даму қарқыны 3,5%-ға дейін артқан. Осы тұрғыда Әлібек Қуантыров көлік және жеке инвестиция, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тұрғын үйді пайдалану, сауда-саттық саласындағы көрсеткіштер туралы баяндады.

«Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 3 өңірде – Ақмола және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қалаласында белгіленіп отыр. 6 көрсеткіш бойынша өсу 9 өңірде байқалуда. Олар Алматы қаласы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Түркістан облыстары. 5 көрсеткіш бойынша оң өсім 3 өңірде – Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалды. 4 көрсеткіш бойынша оң өсім Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелді», — деді ол.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 1,6%-ға өскен. Бірақ төмен көрсеткіштер Қостанай мен Жамбыл облыстарында байқалған. Ал инвестиция тарту жағынан Павлодар мен Қызылорда үздік деп танылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсімі Қостанай және Атырау облыстарында, Алматы қаласында анықталған.