Домой Жаңалықтар Қазнетті сүйсіндірген оқушы қыз: «Өскенде сварщик боламын»

Қазнетті сүйсіндірген оқушы қыз: «Өскенде сварщик боламын»

0
43
Фото tengrinews.kz сайтынан алынды

«Өскенде сварщик боламын» деген оқушы қыз Желі қолданушыларын тәнті етті, — деп хабарлайды KZNEWS.KZ сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың есімі — Аяна Бауыржанова. Былтыр бірінші сыныпқа барған, жасы 6-да. Оның Instagram-да 9500-ге жуық оқырманы бар. Қыздың парақшасын анасы жүргізіп тұрады. Желіде тараған видеода бүлдіршін анасының «Өскенде кім боласың?» деген сұрағына дәнекерлеуші дейді.

«Сварщик боламын. Біреулер менің жыныма тиіп жатса сваркілеп тастаймын», — дейді ол видеода.

Аянаның бұл жауабы Instagram қолданушыларын тәнті етті. Видео төрт күнде 2,8 миллион қаралым, 40 мыңнан аса лайк жинады.

«Ойбай, пікір жазуға қорқып тұрмын, қолымызды сваркілеп тастаймекен деп», «Электрик бол жыныңа тисе токқа түсіріп тастайсың», «Жаным. Мықты қыз болып өсесің, көрінып тұр» дейді пікір қалдырушылар.

Өмірлік кәсібін дәнекерлеумен байланыстырған дамадар да пікір жазып жатыр:

«Жаным сол көз тимесін. Үлкен болып бой жет, сварщик ағаңнан», «Маған кел, өскенде үйретемін. Әке жолын құған сварщик қызбын!!!, «Дұрыс, гидротты өзім алып беремін» дейді олар.

Сондай-ақ, пікірлердің бірінде қыздың әкесі дәнекерлеуші екені жазылған.