​Роза Рымбаева: Мейрамбекте мүлде дауыс жоқ

0

​Роза Рымбаева: Мейрамбекте мүлде дауыс жоқ

Тимур Балымбетов жүргізетін «Шыны керек» бағдарламасына сұхбат берген Роза Рымбаева өмірі мен өнерге қатысты біраз ойымен бөліскен. Сондай-ақ өнерде кімдерді жоғары бағалайтыны, кімдерді сүйіп тыңдайтыны туралы да айтқан. Олардың арасында Мейрамбек Беспаев та бар. Роза Қуанышқызы Мейрамбекте мүлде дауыс жоқ деген пікірде.


 
«Әмірені жақсы көремін. Оның дауысы жақсы. Ол лирик, романтик. Дауысы әдемі, музыкалық талғамы жақсы. Бауыржан Исаевты, Шабаны ұнатамын. Айгүл Елшібаева мен Елмұра Жаңабергенованы, Айгүл Қосанованың термелерін тыңдаймын. Ақбота Керімбекованы, Алмас Кішкенбаевты жақсы көремін. Вокал емес, маңыздысы әншінің жаны. Мысал үшін Мейрамбек. Мейрамбекте мүлде дауыс жоқ. Бірақ мен оны жақсы көремін. Оны бүкіл халық жақсы көреді. Оның диапазоны, ариясы үшін емес, жан дүниесі, жақсы музыкалық талғамы үшін жақсы көремін. Мен атаған әншілердің бәрінде зор дауыс жоқ. Дауыстары 3-4 октава дейтіндей емес»-дейді әнші.
 

Дереккөз: http://reactor.inform.kz