Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0
0

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.

Күндіз 7 тамызда Ақмола облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Кундіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 7 тамызда таңертең найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз өңір оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында найзағай күтіледі, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с күтіледі.

7 тамызда түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен күндіз кей жерлерде жел соғады, күші – 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында түнде найзағай, күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Осы күні таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей  жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында күндіз солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Ал Түркістан қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с.

7 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтеледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз