Маңғыстауда жантүршігерлік апаты: төрт адам қаза болды, төртеуі ауруханада (ВИДЕО)

0
0

5 тамыз таңертең Маңғыстау облысындағы Ақтау-Жаңаөзен тас жолында Toyota Alphard шағын көлігі аударылып кетті. Көлікте болған төрт адам алған жарақаттарынан қайтыс болды, тағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көліктің аударылып кетуіне себеп болған.

«Статистикаға сәйкес, жылдамдықты асыру – жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі. Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Жанарбек Бақтыбаев жүргізушілерді жолдарда абай болуға шақырады», – деп хабарлады департамент.

https://www.instagram.com/p/CDf6Et4l6fX/?utm_source=ig_embed

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз