Қазақстандықтар апаттан зардап шеккендердің туыстарына ұшақтағы орындарын берді

0
39

Air Astana әуе компаниясы өкілінің айтуынша, астанадан Алматыға ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстары тегін жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандықтар Алматы маңындағы әуе апатынан зардап шеккендердің туыстарына ұшақтағы өз орындарын беріп жатыр. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының кірістерді басқару жөніндегі директор Ерболат Байсалықов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания өкілі бүгін таңғы сағат 9-да Air Astana компаниясы 33 жолаушыны елордадан Алматыға тегін жеткізгенін атап өтті.

«Олар – Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстары. Осы 33 адамның соңғы бөлігін бүгін таңғы 5-те тиісті жеріне жеткіздік. Сондай-ақ бүгін 11 баланың анасын да тасымалдадық. Оның бір баласы әуе апатынан зардап шеккен. Әйел 10 баласымен ұшаққа отырды. Адамгершілік танытқан жолаушыларға алғысымызды білдіреміз», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң журналистерге.

Сондай-ақ директор әуе компаниясы демалыстағы ұшқыштарынан да көмек сұрағанын жеткізді.

«Біз демалыстағы ұшқыштардан рейстерге шығып, қызмет көрсетуін өтініп, көмек сұрадық. Аз уақытта қосымша алты рейсті жолға дайындадық. Қиын болды. Бір ұшақта 2 ұшқыш пен 6 борт серігі бар. Барып-қайтуды есепке алсақ, бортта жалпы 12 адам болды. Орындықтардың саны – 1,5 мың. Соңғы тәуліктерде ғана қосымша орындар пайда болды», – деп түйіндеді сөзін Ерболат Байсалықов.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан күні таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Жұмадағы трагедия: Алматы түбіндегі ұшақ апатының хронологиясы    

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз