Алматы түбінде құлаған ұшақтың командирі Марат Мұратбаев туралы не білеміз

0

Марат Мұратбаев 1982 жылы Ақтөбе жоғары жазғы азаматтық авиация училищесін бітірді, жалпы ұшу уақыты – 20 141 сағат

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақтың қаза тапқан командирі Марат Мұратбаев тәжірибелі және кәсіпқой ұшқыш болды. Қазақстанның алғашқы әйел ұшқышы Тоты Әмірова осылай деді.

«Ол өз ісінің шебері және жақсы адам. Егер ұшақ көтеріле алмаса – бұл ұшу проблемасы емес, мұзданудан немесе қозғалтқыштан болуы мүмкін немесе мүлде басқа нәрсе болып шығуы ықтимал», — деп жазды Әмірова.

Марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің бауыры Бауыржан Шүкенов Марат Мұратбаевпен бірге қалай ұшқанын есіне алды.

«Мен бай тәжірибесі бар ұшқыш, біздің қызылордалық Марат Мұратбаевтың әуе кемесінің командирі болғанын естідім. Көптеген жыл бұрын Қызылордадан Алматыға Як-40 ұшағымен ұшқанымыз әлі есімде. Командир Марат болды. Әуеге көтерілген кезде ұшақ кенеттен дірілдей бастады, бұрылып, Қызылорда әуежайына қонуға тура келді. Ешқандай дүрбелең болмады. Шықсам, Марат борттың жанында күлімсіреп тұр екен. «Не болды, Мәке?» деп сұрадым. Қандай да бір оқыс діріл пайда болды. Тәуекел етпеуге бел будым», — деп жауап берді», — деп еске алды Шүкенов.

Бауыржан ұшқыш Мұратбаев «қатерлі қателік» жіберді деп ойламайды.

Марат Мұратбаев 1961 жылы 7 наурызда дүниеге келген, 1982 жылы Ақтөбе жоғары жазғы азаматтық авиация училищесін бітірді.

«Жалпы ұшу уақыты – 20 141 сағат», — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға авиация әкімшілігінен.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Марат Мұратбаевты «өте тәжірибелі ұшқыш» деп атады.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан күні таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Қазақстандықтар әуе апатынан қаза болғандарды аза тұтып жатыр 

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.



sputniknews.kz