Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 121 адамға жетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Республика аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ішінен 1 173 адам аурудан жазылып шықты

АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 72 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Нұр-Сұлтан қаласында – 17, Алматы қаласында – 17, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында – 9, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 10, Түркістан облысында 11 адамнан коронавирус табылды», – делінген ақпаратта.

Қазақстанда 4 121 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олар:

  • Алматы қаласы – 1335;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 723;
  • Қызылорда облысы – 216;
  • Шымкент қаласы – 215;
  • Атырау облысы – 202;
  • БҚО – 198;
  • Ақтөбе облысы – 160;
  • Қарағанды облысы – 159;
  • Жамбыл облысы – 158;
  • Алматы облысы – 156;
  • Түркістан облысы – 154;
  • Павлодар облысы – 150;
  • Ақмола облысы – 101;
  • Маңғыстау облысы – 84;
  • Қостанай облысы – 50;
  • СҚО – 30;
  • ШҚО – 30.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 1 173 адам аурудан жазылды, 29 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз