Коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтануда, бұл қарқынды сақтауымыз керек — Мамин — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай бойынша есеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Асқар Мамин азық-түліктің қымбаттауына байланысты әкімдерге шүйлікті

«Өткен тәулікте 129 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 3,3 пайызды құрады. Жаңа науқастардың арасындағы 84-і, яғни 65 пайызы алдын алу скринингтің негізінде табылған. 36 науқас медициналық көмекке жүгінген және 9 науқас шет елден келген. Ең жоғары деңгей Алматы қаласында — 33 науқас және Батыс Қазақстан облысында — 20 науқас. Ең үлкен өсім 13,8 пайыз Маңғыстау облысында. Кешегі күні 2 науқас, жалпы 29 науқас қайтыс болды. 1 173 науқас емделіп шықты. Қазіргі күні 2847 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулік бойынша елімізде 13 550 тест өткізілді. Жалпы, 4,5 мыңы скрининг мақсатында», — деді денсаулық сақтау министрі.

Өз кезегінде премьер — министр Асқар Мамин елімізде коронавирус таралуына қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанын айтты.

«Осы үдерісті сақтауымыз керек. Бұл бізге карантиндік шараларды одан ары жеңілдетуге мүмкіндік жасайды», — деді ол.
 

stan.kz